Атырау, 26 сәуір 11:59
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда алданған туристер әділ сотты және ақшаларын қайтаруды талап етеді

Сурет
2 987 просмотра

Атырауда жыл жарым уақыттан бері «Эйр Тур» турфирмасынан 30 млн теңгеден астам ақшасын ала алмай жүрген қала тұрғындары №2 қалалық сот ғимаратының алдына жиналды. Қазір алаяқтық жасады деген айыппен осы фирманың иесі сотталып жатыр.

Зардап шегуші – 20-дан астам отбасы. Олардың көпшілігі жолдама ақысын төлеген, бірақ шетелге саяхаттайтын уақыт келгенде фирма жабылып қалған. Басқалары, мысалы, Ольга СОБОЛЕВА шетелге шығып үлгерген. Бірақ тек әуе рейсі ғана төленіп, ал Түркиядағы қонақ үйде тұру ақысы төленбеген.

- Әрине, «Эйр Тур»-ға қоңырау шалдым. Ондағылар түсінбестік болғанын, мәселенің жақын арада шешілетінін айтты. Бірақ ештеңе шешілмеді, бес күн қонақ үйде өз қалтамыздан төлеп тұрдық. Айналғанда көк тиынсыз қалдық. Үйге келген кезде мұндай турфирманың жоқ екенін білдік, - дейді Ольга Соболева.

Агенттік 2019 жылдың тамызында жабылған. Содан бері шетелге шыға алмай қалған туристер пайдаланылмаған жолдамаларының ақшасын қайтара алмай жүр, ал бұл 1,5 млн-нан 3 млн теңгеге дейінгі сома.

Альбина ДӘУЛЕТОВА, заңгер:

- Жәбірленушілер саны - 20 отбасынан 52 адам. Жәбіренушілердің барлығы наразы, сотқа сенімсіздік білдіріп отыр. Сот әділетті шешімін шығарып, ақшасын қайтарып беруды сұрайды.

Жәбірленушілердің айтуынша, айыпталушы алғашында тергеу изоляторына жабылған. Кейін денсаулығына байланысты үйқамаққа шыққан. Ал қазір жүкті екен. Алданғандар айыпталушы жазадан құтылып, азаматтық талап арыз арқылы ақшаларымызды ала алмай қаламыз ба деп қорқады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

5 наурыз 2021, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.