Атырау, 23 желтоқсан 08:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 40 жағдай тіркелді: қала тұрғындары арасында көбеюде

3 020 рет қаралды

Атырау облысында 40 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұл індетті жұқтырғандардың арасында 15 науқас Атырау қаласынан тіркелді. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 24 науқас анықталды. Индер ауданынан -1 адам.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 науқаста ауру белгілері байқалса, 32 адамда байқалмайды.

Кеше облыста коронавирустан 45 науқас сауығып шықты.

Қазір 96 науқас үйден емделіп жатыр, облыстық инфекциялық стационарда - 66 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 16. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 255.

 Атырау облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймақта тұр.

5 наурыз 2021, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.