Атырау, 26 желтоқсан 20:06
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Санитарлар тәртіп бұзды

3 178 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттер жасағаны үшін аудандық МСЭҚБ қызметкерлеріне айып тағылды.

Сөйтсе ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің белгілі бір бабында көрсетілген санитарлық‑эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер нәтижелерінің негізінде санитарлар қорытынды береді деген талаптарының бұзылғандығы анықталған. Және жеке кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексерулер тағайындалады деген талаптары да сақталмаған. Осы тектес заң бұзушылықтар «Эко Иншаат», «БолатСервис», «Транс», «ЦентрСтройЛТД» ЖШС, «ИнтергазОрталықАзия» АҚ‑ның тексерулерді сұрап жазған өтініштері дұрыс орындалмай, басқарма тарапынан заңдар белшесінен басылған.

‑ҚР Денсаулық сақтау Министрінің күші жойылған бұйрықтарын орындап келгені анықталып, прокуратураның ұсынысымен МСЭҚБ жауапты қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттері үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ‑ дейді Мақат ауданы прокуроры Жұбан ҚАДЫРОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА   

3 наурыз 2011, 01:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.