Атырау, 25 қараша 11:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуропадағы әуежайда жолаушылар үшін "пандемия салығы" енгізілді

2 249 просмотра

Лондондағы Хитроу әуежайында 2020 жылы жолаушылар тасымалы көлемінің төмендеуіне байланысты "пандемия салығы" енгізілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Вестник АТОР сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Лондон әуежайынан ұшатын барлық рейстің жолаушысы сапардың ұзақтығына және ұшу класына қарамастан, сәуірден бастап 8,90 фунт (шамамен 5 173 теңге) қосымша алым төлейді. Бұл сома билет құнына қосылады.

Осылайша, әуежай басшылығы былтыр түсіре алмаған кірістің орнын толтыруға тырысып жатыр. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Heathrow жоспарланған екі миллиард фунтын (1 триллион 162 миллиард 280 миллион 193 мың 200 теңге) ала алмады.

Басылым халықаралық сарапшыларға сілтеме жасай отырып, Еуропаның басқа әуежайлары да осындай тәжірибені қолдануы мүмкін екенін жазды.

Айта кетейік, қазақстандықтар ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы және одан әрі саяхаттау үшін ілеспе құжаттарды ұсынған жағдайда Ұлыбританияға Франкфурт арқылы транзитпен ұша алады. 

4 наурыз 2021, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.