Атырау, 25 қараша 11:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лукашенко Беларусьте "билік транзиті болмайды" дейді

2 274 просмотра

Беларусьтың автократ лидері Александр Лукашенко елде "билік транзиті болмайды" деді. Лукашенко бұл сөзін елде өзінің биліктен кетуін талап етіп жатқан наразылықтар мен қарсылық өршіп тұрған тұста айтты. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

"Беларусьте билік транзиті болуы мүмкін емес. Барлығы Конституцияға сай болады. Бұрын айқанымдай, жаңа Конституция жобасы келесі жылдың қаңтар-ақпан айында ұсынылады. Билік транзиті жайлы қазіргі бар сөз осы" деді Лукашенко 2 наурызда Ресей президенті Путинмен кездесуі жайлы айтқан сөзінде.

Лукашенко 9 тамызда өткен сайлауда жеңімпаз деп танылған, бірақ оның басты қарсыласы Светлана Тихановская оның жеңісін мойындамаған. Содан бері мыңдаған адам наразылыққа шығып, дауыс беру нәтижесін жоюды талап етті. Полиция мен арнайы жасақ наразыларды күштеп ұстап, соққан. Еуропа одағы елді 26 жылдан бері билеп отырған Лукашенконың жеңісін мойындамай, Беларуське санкция салды.

Лукашенко бұған дейін өзін Мәскеуден алшақ ұстап жүргенімен, жеті айдан бері жалғасып келе жатқан наразылық пен ЕО санкциясынан соң қайта Путиннің қолдауына иек артып жүр.

Мәскеу кейінгі уақытта Беларусьті 20 жыл бұрын қол қойылған одақтас республика келісімін орындауға үгіттеп, қысымды күшейткен. Бірақ Лукашенко бұл ұсынысты қолдамай келген. 2 наурызда Лукашенко Беларусь "тәуелсіз ел ретінде қала беретінін" тағы айтты.

4 наурыз 2021, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.