Атырау, 17 сәуір 10:36
 ашықВ Атырау +23
$ 430.39
€ 515.52
₽ 5.68

Бұл баланың ойыны емес

Бейнежазба
2 679 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Полиция қызметкерлері есірткі жасырып қоятын орын дайындаған Атырау қаласының 27 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Тергеу барысында ол осындай үш орынды көрсетті, онда 60 доза «пировалерон» психотроптық препараты жасырылған, сонымен қатар оның үйінен де осы препарат табылды.

- Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімімен («Есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату немесе сату мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, жеткізу») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Атырау облысы ПД есірткі қылмысының алдын-алу бөлімінің бастығы Марат ТАҒАНИЯЗОВ.

Қылмыскер бұрыннан қалыптасқан жол арқылы әрекет етті. Шындығында, есірткіні (әдетте синтетикалық) диваннан тұрмай-ақ сатып алуға болады. Көптеген қалаларда, соның ішінде Атырауда есірткіні бір-бірімен кездеспей  жасырын орындар арқылы сататын дүкеннің мекен-жайы жазылған жазулар үйдің қабырғасында, асфальттағы граффити, Telegram каналда жиі кездеседі. Оларға есірткіні жасырып, жасырылған орынның геолокациясын жіберетін дилерлер қызмет етеді (әдетте нашақорлар). Есірткіге тәуелді адам электронды әмиянға ақша аударып жібереді де, олар оған іздегені табылатын жердің «мекен-жайын» береді.

2019 жылдан бастап есірткіні электронды ақпараттық ресурстар арқылы таратқаны үшін жауапкершілік күшейтілді - мұндай әрекеттер ауыр қылмыс қатарына жатады, оларға 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Бейнежазбаны Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды

4 наурыз, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.