Атырау, 23 желтоқсан 08:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді

3 099 рет қаралды

Жыл сайын көктемде қыс мезгілінен кейін жолдарды сақтау үшін бір осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көліктердің жүруіне уақытша шектеу енгізіледі. 1 наурыздан бастап мұндай ережелер 7 облыстағы автомобиль жолдарында күшіне енді, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

«Бесінші жол-климаттық деп аталатын аймаққа» Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары кіріп отыр. Мұндағы уақытша шектеу 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында сақталмақ.

Шектеу төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралармен айналысатын, жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік, жолаушылар, жолжүк, дәрі-дәрмек тасымалдайтын, сондай-ақ, жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын көлік құралдарына қолданылмайды.

23 наурыздан 1 мамырға дейін аталған шектеулер Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды облысы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізілмек.

4 наурыз 2021, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.