Атырау, 26 сәуір 08:54
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

ТШО Атырауды сұйытылған газбен қамтамасыз етеді

3 711 просмотра

Наурызда ТШО Атырау облысына сұйытылған газ жеткізеді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.

Қаңтар айында АМӨЗ-де өңірлік электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысындағы ақау салдарынан каталитикалық крекинг қондырғысы істен шыққан, сәйкесінше зауыт сұйытылған мұнай газын өндіруді тоқтатты.

Бұл Атыраудағы (тек ол ғана емес) жанармай құю бекеттерінде газ отынының тапшылығына және оның қымбаттауына әкелді.

Бұл жағдайда Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын жеткізудің 2020 жылғы наурызға арналған жоспарын реттеді. АМӨЗ-ге бекітілген өңірлер басқа кәсіпорындардың ресурстарына қайта бөлінді.

Атап айтқанда, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары, Алматы қаласы мен елорда «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС-іне, Қостанай және Маңғыстау облыстары - «СНПС -Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на, Атырау облысы - «Теңізшевройл» ЖШС-іне, Батыс Қазақстан облысы - «Жайықмұнай» ЖШС-іне бағытталды.

Министрліктегілер қазіргі уақытта газ желілері ұйымдары мен жабдықтаушы зауыттар арасында келісімшарттар жасау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осылайша, өңірдің сұйытылған мұнай газына қажеттілігі қажетті көлемде қамтамасыз етіледі.

АМӨЗ-дегі жабдықтардың қалыпты жұмысын қалпына келтіру наурыздың соңына дейін жалғасады.

Өткен жылдың 3 сәуірінен бастап пандемияға байланысты «Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы» бұйрық 2021 жылдың 1 наурызынан бастап күшін жойғанын еске саламыз.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

3 наурыз 2021, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.