Атырау, 27 сәуір 09:33
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

3 154 просмотра

Талдықорғанда спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионаты өтті. Атырау облысының құрамасы турнирден 1 күміс және 4 қола алқамен оралды.

Жекпе-жек бөлімінде 58 келіге дейінгі салмақта Серікжан Түсіпов күміс жүлдегер, 53 келіге дейінгі салмақта Ердәулет Мұратов қола алқа алды, Қанат Әшімовтің нәтижесі де (98 келіге дейін) осындай.

Спорт бөлімінде Абылайхан Мейрамбекұлы (53 келіге дейін) мен Жұмабай Парасат (64 келіге дейін) қола алқа жеңіп алды.

* * * * *

Ақтөбеде армрестлинг бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Бапкер Сергей Гридчиннің жетекшілігімен атыраулық қол күресшілер бір күміс және екі қола алқа жеңіп алды.

85 келіге дейінгі салмақта Әмір Қосмұрзиев күміс жүлдегер атанды, 95 келі салмақта Ерсейіт Бралин қола алқаға қол жеткізді. 80 келіге дейінгі салмақта қоссайыс бағдарламасында спорт ардагері, бұрын елдегі ең атақты спортшылардың бірі болған Александр Максин оң қол күресінен қола алқа және сол қол күресінен 6-орынды иеленді.

* * * * *

Алматыда 18-20 жастағы жастар арасында ММА бойынша Қазақстан чемпионаты өтті.

Атырау құрамасында 65,8 келіге дейінгі салмақта Данияр Әжімқұлов ел чемпионы атанды. 56,7 келіде Замир Нұржанов күміс алқа жеңіп алды. Қыздар арасында 65,8 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Диана Ахметова қола алқа жеңіп алды. Спортшыларды бапкерлер Б.Берғали, С.Жағпаров және Ф.Қожантаев жаттықтырды.

* * * * *

Нұрсұлтанда 2006-07 жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. 2 алтын және бір қола алқа алған атыраулықтар командалық есепте екінші орынға ие болды.

Дәулетбай Азамат (38 келіге дейін), Олжас Сапарғали (70 келіге дейін) ел чемпионы атанса, 42 келі салмақта Құрмет Жакиев қола алқа жеңіп алды. Спортшыларды «Қазақстан Барысы» суперфиналының бірнеше дүркін қатысушысы бапкер Кенжебек Күзембаев дайындады.

* * * * *

Қостанайда жекпе-жек бойынша ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Атыраулық спортшылар 2 күміс және 3 қола алқа жеңіп алды.

Күміс алқа Абылай Дәуітовке (80 келіге дейін) және Ерлан Шәкішовке (100 келіден жоғары), қола алқа Бердібек Сиражовқа (53 келіге дейін), Әнуарбек Бекембетовке (61 келіге дейін) және Айдын Тілепбергеновке (65 кг дейін) бұйырды. 

3 наурыз 2021, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.