Атырау, 26 сәуір 22:58
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ойыл да Жайық сияқты тартылып барады

Сурет
4 466 просмотра

Қызылқоға ауданының тұрғындарын Ақтөбе облысынан бастау алатын Ойыл өзенінің жайы алаңдатып отыр. Өйткені, жауын-шашынның аз түсуінен жерасты суы тартылып, ауданда ауыл шаруашылығын дамытуға кедергі болып отыр. Осыған орай жақында арнайы комиссия Ойылдың қазіргі жағдайын зерттеген болатын. 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің кеңесшісі Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ бастаған жұмыс тобы алдымен Ақтөбе облысының Темір, Мұғалжар, Ойыл аудандарын аралап, кейін қызылқоғалықтармен жүздесті.  

- «Ақтөбе-Атырау» тас жолын салу барысында Шұбарқұдық кентінің қасында орналасқан Шиелі өзеніндегі көпірді жаңғырту құрылысын жүргізгенде өзен арнасы бітеліп қалғаны анықталды. Мұғалжардағы «Мұқа» су қоймасы 2018 жылы қалпына келтірілген кезде бөгет бойына су ағатын шлюз немесе тұрба салынбағаны да белгілі болды. Бұдан бөлек, «Тәй-Тәй Қаракесек» ШҚ салған бөгетті бұзу жөнінде «Жайық-Каспий бессейндік инспекция» РММ-не ұсыныс берілген, - деді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек ТҰРДАҒАЛИЕВ.  

«Казгидромент» РМК бас директорының орынбасары Серік САЙЫРОВТЫҢ айтуынша, Ойыл өзенінің алабына өткен ғасырдың 70-ші жылдарында қар жауу, топырақтың ылғалдану мөлшері азайғаны, өзендегі судың орташа көлемі 25 пайызға кемігені де байқалған.

- Бұл маңызды сапар болды. Көктем айында жоспарланып отырған екі өзен аңғарына шығатын арнайы экспедиция алдына қояр нақты міндеттер мен мамандарды анықтауға мүмкіндік берді, - деп сөзін қорытындылады С.Еңсегенов.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

2 наурыз 2021, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.