Атырау, 25 қараша 11:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ коронавирустың төртінші толқынына алаңдаулы

2 332 просмотра

АҚШ-та COVID-19 жаңа штамдарының тарауынан коронавирустың төртінші толқыны басталып кетуі мүмкін. Бұл туралы Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) директоры Рошель Валенски мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Daily US Times басылымына сілтеме жасап. 

Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директорлары COVID-19 бойынша соңғы деректерге алаңдаулы. Оның айтуынша, кейінгі аптада күніне 70 мыңға жуық жаңа жағдай тіркелген. Бұл вирустың өршіп тұрғанын көрсетеді. Ол былтыр осы кезеңде күн сайын екі мыңға жуық адам қайтыс болғанын атап өтті.

"Мені тыңдауларыңызды өтініп сұраймын. Жаңа штамдар өте жылдам тарап жатқанда осы күнге дейін жеткен нәтижемізді оңай жоққа шығаруымыз мүмкін. Бұл штамдар халқымызға және пандемияны жеңудегі жетістігімізге қауіп төндіреді", - деді Валенски.

Денсаулық сақтау саласындағы сарапшыларды Ұлыбритания, Оңтүстік Африка мен Бразилиядағы штамдар алаңдатады, олар жұқпалырақ көрінеді. Айтуынша, алғаш рет Ұлыбританияда анықталған жаңа B.1.1.7 вирусы осы айда АҚШ-та басым болады.

"Елімізде болуы мүмкін төртінші толқынды тоқтатуға мүмкіндік бар. Барлық қауіпсіздік шарасын сақтаңыздар, өтінемін", - деп қорытындылады ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 28 миллионнан асады, ал қайтыс болғандар саны үш соғыстан кейінгі шығыннан асып түсті. Осыған байланысты ақпанның соңында Байден коронавирустан қайтыс болған америкалықтарға аза тұту күнін жариялады. Ол бес күнге созылды.


2 наурыз 2021, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.