Атырау, 26 сәуір 18:02
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ескі үй бұзылып, тұрғындары уақытша жалдамалы үйге көшірілді

Сурет Бейнежазба
3 511 просмотра

Атырау қаласы Азаттық даңғылындағы екі қатарлы ескі үйлердің орнына 12 қатарлы көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Сүрілген ескі үйдің тұрғындарын инвестор компания құрылыс аяқталғанға дейін уақытша баспанамен қамтамасыз етеді.

Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметінше, Азаттық даңғылы 72А мекенжайындағы екі қатарлы үйдің тұрғындарымен өзара келісімшарт негізінде жеке инвестор компания 2019 жылдың мамырында 12 қатарлы көпқабатты үйдің құрылысын бастаған. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы келісімшартта 2021 жылдың қазан айы деп көрсетілген.

- Ескі үйдің тұрғындары қайда көшірілді?

- Аталған үйдің тұрғындары қазір құрылыс компаниясының есебінен жалдамалы үйде тұрып жатыр. Құрылыс аяқталған соң тұрғындар келісімшартқа сәйкес 12 қатарлы жаңа үйге көшіріледі, - деп жауап берді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі.

- Азаттық дағылы бойында екі қатарлы бірнеше үй бар. Қызығушылық танытып жатқан инвесторлар бар ма?

- Мұнайлы шаһардың орталық көшелерінен жаңа ғимараттар салуға жеке құрылыс компаниялары қызығушылық танытып жатыр. Осы орайда бөлім тарапынан инвесторларға ұсыныстар берілуде. Ал тозығы жеткен тұрғын үйлерді көшіру, бұзу жұмыстары тұрғындар мен жеке инвесторлар арасындағы өзара келісімі арқылы жүзеге асады. Ол үшін тұрғындардың бірауыздан келісімі қажет.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

3 наурыз 2021, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.