Атырау, 25 қараша 11:58
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Илон Маск бір тәулікте 14 млрд-қа жуық доллардан айырылды

2 394 просмотра

Өткен тәулікте Америка кәсіпкері Илон Маск Tesla акцияларының төмендеуі салдарынан 14 млрд-қа жуық долларынан айырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Bloomberg Billionaires Index (BBI) сауда және индекс мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, Масктің байлығы 13,6 млрд долларға азайып, 176 млрд долларды құрады. Кәсіпкер қазір әлемнің ең дәулетті адамдарының тізімінде Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безостан кейін екінші орында тұр.

Маск әлемнің ең бай адамдары тізіміндегі бірінші орыннан екі күн бұрын, 23 ақпанда айырылды. Бұл күні Tesla акцияларының құны 8,6 пайыз төмендеп, бизнесменнің дәулеті 15,2 млрд долларға азайды.

Bloomberg агенттігі бұған Масктің биткоин бағасы жайында берген түсініктемесі себеп болуы мүмкін екенін атап өткен.

20 ақпан күні Twitter пайдаланушыларының бірімен хабар алмасу барысында ол биткоин криптовалютасы мен эфириум бағаларын жоғары деп атаған еді. Илон Масктің осы айтқаны криптовалютаны құлауына әсер еткен болуы мүмкін», -деген болжам жасайды Bloomberg.


26 ақпан 2021, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.