Атырау, 26 қараша 04:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шелек жалаған тұтылды

4 012 просмотра

Жуырда бір азамат бекіре тұқымдас балықтарды сатып алғандығы үшін айыпталды. «Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады» демекші, сол балықты сатушыларды қолға түсіру мүмкін болмапты.

Айыпталушы Исатай ауданына қарасты Амангелді ауылының тұсындағы Каспий теңізі жағалауынан 90 келі бекіре тұқымдас балықтың әр келісін 450 теңгеге сатып алған. Кейін қалаға келгенде оны полиция қызметкерлері ұстайды. Қала прокурорының көмекшісі Жайық ИМАНБАЕВТЫҢ айтуынша, айыпталушы жігітке бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз жолмен табылғанын біле тұра сатып алғандығы үшін ҚР ҚК-нің 183-бабының 2-бөлігінің «б» тармағы бойынша («Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу және сату әрекетін  адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша жасаса» ) айып тағылып, ҚР ҚК-нің 55-бабымен («Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдану») 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 105 840 теңге айыппұл түріндегі жаза қолдануға үкім шығарған.  

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

3 наурыз 2011, 01:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.