Атырау, 25 сәуір 03:04
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Экология министрі Атырауда: «Жақында нақты ластау көздерін білетін боламыз»

3 372 просмотра

Атыраудағы кездесуде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ зиянды шығарындылардың көздерін анықтау және Жайық өзенінің тағдыры тақырыбына тоқталды.

- Қазір нақты ластану көздерін анықтау өте маңызды, өйткені үнемі дау болып тұрады. Біреу мұның бәрі АМӨЗ-ден келеді десе, енді бірі «Болашақ» зауытының кінәсі дейді, тағы бірі Сасықсайға сілтейді. Біз жақында Атырау әкімімен атмосфералық ауаны ластаушы көздердің тиісті тізімдемесін жасау туралы келістік. Бұл бір, ал екіншісі – Экология кодексіне автоматтандырылған мониторинг жүйесін қосу туралы норма енгізілді. Бұл осындай даулы мәселелерді шешуге арналған. Яғни, 500 тоннадан астам шығарынды шығаратын әрбір ластаушы көз онлайн режимінде ақпарат беретін тиісті құрылғымен жабдықталуы керек. Бұл автоматты режим шығарынды көздеріне қатысты кез-келген дауларды жояды.

Жайыққа қатысты, М.Мырзағалиевтың айтуынша, өзеннің орташа көпжылдық ағыны шамамен 10 текше шақырымды құрауы керек.  Бірақ 2019 жылы небәрі 3,6 текше шақырым тіркелді. Өткен жылы бұл көрсеткіш сәл жоғары - 4 текше шақырым болды.

- Бұл жерде су дипломатиясы мен климаттың өзгеруі туралы көп айтуға болады. Бірақ факт осы. Осы мәселелерді шешу үшін өткен жылы желтоқсанның аяғында Ресей Федерациясындағы әріптестерімізбен бірлесіп, Жайықтың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасадық.

Өткен жылы, өкінішке орай, өзенді зерттеу үшін физикалық тұрғыдан экспедицияға шыға алмадық, тек камеральды бақылау жүргіздік. Биыл карантинге қатысты жағдай жеңілдейді деп үміттенеміз. Наурыз айында Орынбор қаласында РФ экология министрімен кездесу жоспарланып отыр. Онда Жайықты құтқару жөнінде бірлескен жұмыс айтарлықтай талқыланады, - деді министр.

Айнұр САПАРОВА

19 ақпан 2021, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.