Атырау, 29 наурыз 03:07
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Уақытында төлем жасай алмай, барлау учаскелерінен ​айырылып қалды

2 746 просмотра

ҚР Энергетика министрлігі «Petro Qazaq» ЖШС-інің аукционда ұтып алған Сарайшық (43,2 млрд теңге) және Забурын (16,3 млрд теңге) жер учаскелері үшін төлем мерзімін ұзарту туралы өтінішінен бас тартты.

Төлем осы жылдың 25 қаңтарына дейін жасалуы керек еді, бірақ ЖШС халықаралық шекаралардың жабылуын және пандемияға байланысты ішкі операциялық мәселелерді шешуге қатысты шектеулерді алға тарта отырып, Энергетика министрлігінен осы мерзімді 25 наурызға дейін ұзартуды сұрады. Осы өтінішті қараған министрлік бас тартты.

Енді көмірсутектерді барлау үшін Сарайшық және Забурын учаскелерін пайдалану құқығына қайтадан аукцион өткізіледі. Бастапқы баға Салық кодексінің 726-бабына сәйкес белгіленеді. Ал Гаагада (Нидерланды) тіркелген Winsple Netherlands B.V оффшорлық компаниясы құрған «Petro Qazaq» ЖШС енді бұл аукционға қатыса алмайды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

19 ақпан 2021, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.