Атырау, 17 тамыз 23:11
 дождьВ Атырау +27.3
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

«Арнаулы автобаза» Атырауды қалың қардан тазартуда-2

Сурет
2 854 рет қаралды

Кеше Атырауда 472 текше метр қар шығарылды, - деп хабарлайды «Арнаулы автобазаның» баспасөз қызметі. Бүгін, 18 ақпанда 45 техника қар тазалауға шықты.

Бүгін таңертең Астрахань трассасында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-на барып, оған апаратын жол Атырау көшелеріне қарағанда қардан жақсы тазаланғанын байқадым.

- Кеше қаланы тазарту жұмыстары түнгі он екі жарымға дейін жүргізіліп, бүгін таңғы 7-де қайта жалғасты. Бірақ қар тоқтаусыз жауып жатқандықтан, жолдарды қар қайта басып қалды, - деп хабарлайды «Арнаулы автобазаның» баспасөз қызметі. 

16 самосвал, 10 жүк тиегіш, 19 арнайы техника және 90 жол қызметкері жұмылдырылғаны да хабарланды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 ақпан 2021, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.