
17 ақпанда 37 арнайы техника мен 90 жол қызметкері Атырау көшелерін қалың қардан тазартты.

Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, таңертең 29 техника - 10 МТЗ тракторы, 4 құрама техника, 4 жүк тиеу және 11 самосвал қала жолдарына шықты. Түстен кейін оларға науалары мен қылшақтары бар тағы 8 құрама «КамАЗ» қосылды. Күрелген қар қала сыртындағы қоқыс полигонына шығарылады.

Айта кету керек, соңғы кездері қала тұрғындары Атыраудың ластанып кеткеніне, қоқыс контейнерлерінің кешіктіріліп тазартылатынын шағымдануда. Мұны пандемия басталғалы «Арнаулы автобаза» жүйесінде жұмыс істеген Өзбекстан азаматтарының өз Отанына кетуімен байланыстырады.

- Жұмысшылар жеткілікті. Бізде 258 жұмысшы бар, олардың жартысы қазақстандықтар, жартысы резидент емес, бірақ оларда біздің елде тұруға және жұмыс істеуге барлық рұқсат құжаты бар, - деп сендірді «Арнаулы автобаза».
Зульфия ИСКАЛИЕВА
В Атырау 0