Атырау, 13 қазан 03:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Бетін жарақаттаған қызылқоғалыққа ота жасалды

2 131 просмотра

Былтыр Қызылқоға ауданында 52 жастағы ер адам бетін темір кесетін аппаратпен ауыр жарақаттап алды.

Аудандық ауруханада оған шұғыл алғашқы хирургиялық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем оны Атырау облыстық ауруханасына жеткізді. Онда оны жақ-бет хирургиясы бөлімінің дәрігерлері тексеріп, компьютерлік томографияға түсіріп, ота жасауға кірісті. Науқасқа оң жақ көз бұрышы, мұрын, үстіңгі ерін, ауыз, сол жақ иек, сол жақ сүйегінің альвеолярлық сынуы диагнозы қойылды. 

Ота төрт сағатқа созылып, ер адам бір тәулік жансақтау бөлімінде жатты. Одан соң жалпы палатаға ауыстырылып, ота жасаған дәрігер Жасұлан Шадияровтың бақылауында болды. Осыдан кейін пациент үйіне шығарылды. Қызылқоға аудандық ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, ер адамның көзі мен ернінің аумағында тыртық қалған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 ақпан 2021, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.