Атырау, 13 қазан 03:16
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Бизнес үшін жылу тарифі 8%-ға өсті

2 048 просмотра

Атыраулық бизнес атынан Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы монополист өкілдерін, атап айтқанда, қазір жылумен қамту неге қымбатқа түсетінін білу үшін «дөңгелек үстелге» шақырды.

Шақырылған қонақтар кірмес бұрын Нұрболат НАМАЗҒАЛИЕВ «AЖ»-ға ай сайын төлейтіні көбейіп жатқанын айтты:

- Себебін білуге тырысқанда, маған желтоқсан суық болды деп түсіндірді. Бірақ қаңтарда 152 шаршы метр үшін 360 мың теңге келіп тұрғанда есеңгіреп қалдым. АЖЭО президенті Мақсот Әленовтың атына сотқа жүгіну құқығым бар екені туралы хат жаздым. Содан кейін жылумен жабдықтау келісімшартын бұзамын, өйткені мұндай сомалар мен үшін тым көп деп, екінші арызымды жаздым.

Дөңгелек үстелде АЖЭО президенті Мақсот ӘЛЕНОВ 2020 жылдың аяғына қарай бұрынғы тарифтің қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты АЖЭО Атырау облыстық ТМРКД-не тарифті көтеру туралы өтініммен шыққанын айтты. Ал монополияға қарсы қызмет алдағы 5 жылға арналған жаңа тарифті бекіткен.

- Осылайша, заңды тұлғалар үшін жылу тарифі 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8%-ға өсті. Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап бюджеттік ұйымдар үшін 2020 жылмен салыстырғанда жылу тарифі бірден 42%-ға өсті, - деді Әленов.

Одақ директорының орынбасары Рафхат БОЗБАЛИЕВ ТМРКД өкілінен кәсіпкерлерге тарифті көтеруді келесі жылға ауыстыруға болмас па еді деп сұрады, өйткені пандемия мен карантин шектеулеріне байланысты ШОБ жаппай шығынға ұшырады.

ТМРКД бөлімінің бастығы Жанар ДӘРІБАЕВА басты мақсат – тұрғындар үшін бұрынғы тарифті қалдыру деп жауап берді.

-Біз АЖЭО өтінімін қарастырып, тарифті қараша айында бекіттік. Біз жеке тұлғаларға тимедік, сондықтан барлық ауыртпалық бюджеттік ұйымдарға және басқаларға (заңды тұлғаларға) түсті. Бюджеттік ұйымдар үшін 40 пайызға, басқалары үшін 8%-ға көтерілді. Өсім «Интергаз Орталық Азия» тарифімен байланысты болып отыр, - деді Ж.Дәрібаева.

Кәсіпкер Нұрболат Намазғалиев барлық заңды тұлғаларды: 4-5 қызметкері бар шағын бизнесті де, 50-ден жоғары қызметкері бар ірі компанияларды да «басқалар» санатына не үшін қосқанын сұрады.

- Неліктен осындай нюанстарды қарастырмайсыздар? Олардың барлығы заңды тұлға болып саналады, бірақ олардың табыстары әртүрлі ғой?! - дейді Намазғалиев.

Оған Бозбалиев те қосылды:

- Кәсіпкерлерге алдын-ала және тиісті деңгейде хабарлау қажет. Екіншіден, заңды тұлғалар үшін тарифтерді қайта қарау мүмкіндігі бар ма? Өйткені, біреу өзі, енді біреу мемлекеттік тендерден табыс табады.

Сіздердің сұрақтарыңызды қарастырып, жауабын береміз деді.

Нұргүль ХАЙРУЛЛИНА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

16 ақпан 2021, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.