Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков шетелге сапарынан кейін Бішкекке оралды. Бұл туралы «Азаттық үналғысы» хабарлады.
Ақпанның басында әлеуметтік желіде Жээнбеков шетелге «қашып кетті» деген ақпарат тараған. 2 ақпанда Жээнбековтің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева экс-президенттің Сауд Арабия королінің шақыруымен Меккеге қажылыққа кеткенін мәлімдеді.
30 қаңтарда Жээнбеков премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Дуйшенбек Зилалиевтың қылмыстық ісіне қатысты сотқа шақырылған. Экс-президентке қатысты шағымды «Қырғыз үкіметі» қозғалысы түсірген. Бұрынғы вице-премьердің еншісінде декларацияға енбеген үй, пәтер, есепшот және миллиондаған доллар қаражат табылған. Аталған іс бойынша Бірінші май аудандық соты Дүйшенбек Залиловқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын шығарды. Енді ол бұл қаражат Сооронбай Жээнбековтың сайлау науқанына арналғанын мәлімдеді.
Былтыр қазанның басында Қырғызстанда парламенттік сайлау нәтижелеріне қарсы жаппай наразылық акциялары басталды. 6 қазанға қараған түні Жапаров жазасын өтеп жатқан Шу облысындағы колониядан өз жақтастарымен босатылды. Сол күні Қырғызстанның Жоғарғы соты оның үкімін жойды.
15 қазанда президент Сооронбай Жээнбеков оппозицияның қысымымен отставкаға кетті. Конституцияға сәйкес, жаңа сайлау өткізілгенге дейін мемлекет басшысының міндеттерін парламент спикері атқаруы тиіс еді. Алайда спикер Қанатбек Исаев президенттің өкілеттігін премьер-министр Садыр Жапаровқа берді.
Дереккөз:qazaqtimes.com