Атырау, 25 қараша 13:04
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Иесі 5 миллион доллар қаражатты итіне мұрагерлікке қалдырды

2 383 просмотра

Америка Құрама Штаттарының тұрғыны, 84 жастағы кәсіпкер Билл Доррис сегіз жыл бірге тұрған итіне бес миллион доллар мұрагерлікке қалдырды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкердің әйелі де, баласы да болмаған. Алайда соңғы сегіз жыл ішінде онымен бірге Лулу атты шекаралық колли ит өмір сүрген. Ол оған өзінің барлық жинақ ақшаларын - бес миллион долларды мұрагерлікке қалдырды. Қаражат арнайы қорға орналастырылып, итті ұстауға кеткен шығынның орнын толтыруға жұмсалады деп хабарланды.

Өмірінің соңғы жылдары кәсіпкер жолда көп уақыт өткізді - осы уақытта адамның танысы оның итіне қарады. Ол қайтыс болғаннан кейін үй жануарына қарауды өтінді.

«Ол бұл итті өте қатты жақсы көрді. Мен 5 миллион долларды Лулуды күтуге жұмсай алмайтынымды білемін. Бірақ тырысып көремін», - деді әйел.


15 ақпан 2021, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.