Атырау, 13 қазан 03:19
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырау әкіміне 500 сауал

2 422 просмотра

12 ақпанда Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ 2020 жылдың есебін берді. Ол онлайн режимінде өтті, бірақ қала тұрғындарынан алдын-ала 160-тан астам сұрақ келіп түсті. Содан кейін тікелей эфир кезінде - Instagram-да 72, Facebook-те 122 және Whatsapp-та 150 сұрақ қойылды.

Брифинг «Атырау» және «Каспиан ньюс» телеарналарында және әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілді. Алдымен Қ.Оразбаев өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы айтты.

 

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ

Өткен жылы Атырауда 9907 жаңа жұмыс орны құрылды, 240 адам бизнес жоспарларын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 133,2 миллион теңгеге мемлекеттік грант алды. Жұмыспен қамту орталығына 14 мыңнан астам адам жүгінді. Оның 8259-ы тұрақты жұмысқа, 2034-і уақытша жұмысқа орналасты, 920-сы кәсіптік оқуға жіберілді.

 

ЖОЛДАР

Өткен жылы облыс орталығының 77 көшесінде жалпы ұзындығы 49,5 шақырым болатын жолдар салынды. Кептелістің алдын алу мақсатында жалпы ұзындығы 12,3 км болатын 5 көшеде (Ғабдиев, Амандосов, Құрманғазы, Уәлиханов және Ғұмаров) көлік жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы Әуезов (2,84 км), Канцев (1,26 км) көшелерінің бойында, Балықшадан Зарослый ауылына дейін (1,5 км-дей) 5,6 км көлік жолы қайта жаңартылады. Жалпы, ұзындығы 211 шақырым болатын көлік жолдарын салу жоспарланған, бұл Атырау мен қала маңындағы 145 көше.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Биыл Береке ықшамауданында 240 пәтерлік бір үйді және Самал ықшамауданында 432 пәтерлік 16 ірі панельді үйді салу жоспарланып отыр. Қала маңындағы Талғайран ауылында көппәтерлі 46 тұрғын үйді салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Талғайранда салынып жатқан 1080 пәтерлі 24 тұрғын үйге инженерлік желі тарту жұмыстары атқарылуда.

 

СПОРТ

Өткен жылы Атырауда 17 спорт нысаны: 5 футбол алаңы, 2 баскетбол алаңы, 4 воркаут, 6 балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады: 23 спорт нысанын салу жоспарлануда, соның ішінде, 1 футбол және 2 баскетбол алаңы, 6 воркаут, 14 балалардың ойын алаңы және бір баскетбол алаңын қалпына келтіру. Қазіргі уақытта Томарлы ауылында және Геолог ықшамауданында спорт кешенін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, 25 мектептің спорт алаңдарының құрылысы жалғасуда. Олар биыл пайдалануға беріледі.

 

САУАЛДАР

Орталық көпір бойынша: 190 миллион теңгеге қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Биыл Балықшы көпірін ағымдық жөндеуден өткізу жоспарланды.

Сасықсайды қалпына келтіру бойынша: бұл республикалық деңгейдегі үлкен жоба, ол 3 жылға есептелген.

- Бекітілген маршрут карталары, жобалар бар. Бұдан басқа, Сасықсай бойынша АМӨЗ бен «Қазмұнайгаздың» жауапкершілік аймағы бар. Біз бұл жұмысты бірлесе жүзеге асырамыз деп есептейміз. Жұмыстың бізге тиесілі бөлігін биыл бастаймыз, - деді әкім.

Мостовой өзегі бойынша: бұл жобаны алдыңғы әкімдердің бірі бастаған, канал тазартылып, екі сорғының көмегімен күтіп ұсталады. Оразбаевтың айтуынша, каналдың арқасында жауын жауған кезде оның айналасындағы үйлер су астында қалмайды. Жауын-шашын көп түскен кезде немесе су тасқыны кезінде каналдың пайдасы көп болады.

«Атырау» ықшамауданындағы көпбалалы ата-аналар жеке секторда ойын алаңдарының жоқтығына назар аударуды өтінді. Әкімнің айтуынша, демеушілердің қолдауымен  жаңа 17 ойын алаңы орнатылып, өздері қадағалайтыны туралы тұрғындармен меморандум жасалған. Қазір қаланың түрлі ауданындағы 76 алаңға жобалық-сметалық құжаттама дайындалған, бірақ олар орнатыла ма, жоқ па - қаржыға байланысты. Атырауда 200-ден астам балалар алаңы бар, олардың көпшілігі тозғандықтан емес, «оларға күтім жасалмағандықтан сынып қалған», - деді әкім.

Химпоселкеде және қаланың басқа аудандарында жаңа трансформатор орнату қажеттілігі туралы көп сұрақтар болды. Бұрын сатып алынған 50 трансформатордың жартысынан азы орнатылғаны белгілі болды.

Бұл жұмыстарды маусым айына дейін аяқтап, қосымша 50 трансформатор сатып алу жоспарланып отыр.

Азаттық, 75 мекен-жайындағы үйдің тұрғыны Құрманғазы аллеясын қайта қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталатынын сұрады. Баяу жасалып жатқан жұмыстар бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Оразбаевтың айтуынша, тендер өткізілген, бірақ ол кезде жұмыс жасауға ақша болмады, ал өткен жылы карантин кедергі келтірді.

Осы уақыт ішінде қалпына келтіру жобасы қайта әзірленіп, оны анағұрлым үнемді қылып жасады. Қазір Құрманғазы аллеясы мен Қ.Смағұлов аллеясындағы негізгі жұмыстар аяқталды, ашылуы 1 мамырға жоспарланған. Привокзальный тұрғын үй массивіндегі Мұқашев алаңына келетін болсақ, оны қалпына келтіру жұмыстары сәл кейін аяқталады. Ол жерде әлі де суару жүйесімен және бұрқақпен жұмыс жасау керек.

Алмагүл мен Авангардтағы кейбір үйлердің тұрғындары аулада жарықтың жоқтығына шағымданды. Кезінде бұл мердігерлікпен «Еңбек» РМК-нің жергілікті филиалы («Еңбек-Атырау») айналысқан, қазір оған қарсы сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Сондықтан, әзірге бәрі тоқтап тұр. Ауланың электр желісі қаланың балансына өткен бойда (келесі бір-екі айда), көшелерді жарықтандыру мәселесі шешіледі, - деп сендірді Оразбаев.

Өкінішке орай, «АЖ» қойған бірнеше сұрақ жауапсыз қалды. Бірақ әкімдік өкілдері қалған барлық сұраққа жазбаша жауап дайындалады деп сендірді. Жауаптар әлеуметтік желіде - әкімдіктің немесе Қ.Оразбаевтың өз парақшасында жарияланады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

15 ақпан 2021, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.