Атырау, 25 қараша 12:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай британдық BBC World News телеарнасына тыйым салды

1 922 просмотра

Қытай билігі Дүниежүзілік Би-би-си қызметінің BBC World News теларнасына өз аумағында ақпарат таратуына тыйым салды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Бір апта бұрын британдық медиа реттеуші орган Қытай мемлекеттік телеарнасының Ұлыбритания аумағында ақпарат таратуына тыйым салып, лицензиясын қайтарған болатын.

Алайда Қытай билігінің мәлімдемесінде тыйымға британдық телеарнаның "заң бұзғаны" себеп болғаны, атап айтқанда "ұлттық мүдде мен Қытайдың ұлттық бірлігіне нұқсан келтіргені" жазылған.

BBC World News Қытайдағы телеарна пакеттерінің басым бөліміне кіргізілмеген, бірақ осыған дейін кейбір қонақ үйлерде ол көрсетілетін.

Би-би-си басшылығы Қытай билігінің шешіміне өкініш білдірді.

Лондон мен Пекин арасында соңғы уақытта жағдай ушыға бастаған. Оның негізгі себептерінің бірі - Гонконгтегі жағдай. Британия Гонконг автономиясын шектеуге бағытталған Қытай әрекетін айыптап, бұрын британ отары болған қала тұрғындарына азаматтық ұсынған.

12 ақпан 2021, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.