Жапонияда жалғыздыққа қарсы күрес жөніндегі министр лауазымы пайда болады, деп хабарлады 24.kz Sankei басылымына сілтеме жасап.
Премьер-министр Ёсихидэ Суга аталған жаңа қызметке аймақтарды қалпына келтіру жөніндегі министр Тецуши Сакамотоны тағайындады. Ол енді екі лауазымды қоса атқаратын болады. Жаңа қызметтің пайда болуы Жапонияда коронавирустық пандемия кезінде суицид санының көбейгенімен байланысты болып отыр.
Өткен жылы бұл көрсеткіш 3,7% өсті. Сакамото айдың соңында төтенше форум жасап, пандемияның әлеуметтік салдарын жоюға бағытталған шаралар кешенін талқылайтынын айтты.