Атырау, 26 желтоқсан 16:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

"Мына ауру тағы келді". Лукашенко жиналыс кезінде жөтелген сәтінің видеосы пайда болды

2 383 рет қаралды

Беларусь президенті Александр Лукашенко бүкілбеларусьтік халық ассамблеясында сөйлеп тұрған сәтінде қатты жөтелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жиналыстың үшінші сағатында Лукашенко экономика туралы сөйлесіп жатқанда кенеттен қатты жөтеледі.

"Мына ауру тағы келді… Осымен үшінші күн", - деді Лукашенко.

Аз уақыт үзілістен кейін ол сөзін жалғастырды. 

2020 жылдың шілдесінде Лукашенко коронавирус жұқтырған болатын. Артынша Лукашенко коронавирус симптомсыз болғанын айтқан еді.


11 ақпан 2021, 23:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.