Атырау, 15 қаңтар 19:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

​Мексикада қытайлық вакцина қолданысқа енеді

1 862 рет қаралды

Коронавирус пандемиясынан ес жия алмай отырған Мексика билігі аймақта қытайлық вакцинаны қолданысқа енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

CanSino мен Sinovac компаниясы өндірген препараттың 2 млн дозадан құралған алғашқы партиясы осы аптада жетуі керек. Мамандар «қытайлық дәрінің тиімділігі оның бірақ рет егілетінінде» дейді. Сонымен қатар вакцинаны суық жерде сақтаудың қажеті жоқ екен. 

Бүгінде Мексикада Sinovac-тан басқа Pfizer, AstraZeneca, Sputnik V вакциналары мақұлданған. Жақын арада аймаққа AstraZeneca-ның да 500 мың дозасы жеткізіледі. Осы уақытқа дейін елдің 84 500 тұрғынына екпе егілді. Айта кетейік, пандемия басталғалы Мексикада 1 млн 900 мың адам ковидке шалдыққан. Олардың 169 мыңнан астамы көз жұмды.

11 ақпан 2021, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.