Солтүстік Уттаракханд штатындағы құтқарушылар тасқын кезінде мұздық құлаған кезде қалып қойған 35 жұмысшыны құтқару үшін туннель қазуға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.
«Құтқарушылар туннельді бұрғылау операциясын 02:00-де бастады», - деп хабарланған жергілікті полицияның Twitter парақшасында. Соңғы мәліметтер бойынша қаза тапқандардың саны 32-ге жетті, 200-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Мұздық 7 ақпанда таңертең 520 МВт су электр станциясы салынып жатқан Чамоли округіндегі Дхулиганги өзенінің аңғарына құлаған. Осы таулы аймақтың дамуы үшін ең маңыздыларының бірі болып саналатын бұл жобадағы бөгет толығымен қираған.
Апаттан зардап шеккен аудандарда іздестіру-құтқару операциясын Табиғи апаттарды жою ұлттық күштерінің бірнеше бригадасы, сондай-ақ шекарашылар мен жергілікті құтқарушылар жүргізіп жатыр.