Атырау, 25 қараша 12:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Трампқа қарсы импичменттің екінші кезеңі өтті

2 248 просмотра

Бүгін АҚШ-тың бұрыңғы президенті Дональд Трампқа қарсы импичменттің екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Экс-перзидентке халықты бүлікке шақырды және АҚШ үкіметіне қауіп төндірді деген айыптар тағылуда. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 13-і АҚШ өкілдер палатасында 222 демократ пен 10 республикалықтың қолдауымен Трампқа қарсы резалюция қабылданып, Сенатқа жіберілген еді. 

Конгрестің жоғары палатасында төрт сағатқа созылған тартыстың нәтижесінде 56 да 44 дауыс айырмашылығымен Дональд Трампқа қарсы импичмент жалғастырылатын болды. Яғни іс келесі кезеңге өтті. Сенаттың алғашқы отырысында бұл жағдайдың АҚШ Конституциясына қаншалықты сай екені талқыланды. 6 қаңтарда болған бүлікті негізге ала отырып, демократтар Трамптың халықты тәртіпсіздіктерге ашық түрде шақырғанын алға тартты. Ал Дональд Трамптың жақтаушылары президенттік қызметтен кеткен тұлғаларға қарсы импичмент жариялау Конституция бойынша қарастырылмағанын айтып, демократтардың бұл әрекетін өз ықпалын күшейтпек деп түсіндірді. 

Брюс Кастор, Дональд Трамптың қорғаушысы: 

– Демократтардың соншалықты тырысып, Дональд Трампқа импичмент жариялап жатқандығы жай ғана қорқыныштан туындап отыр. Олар Трамптың болашақта өздеріне бәсекелестік көрсетеді деп қорқады. Егер де бұрыңғы президентке импичментті жариялауды мақұлдасақ, болашақта мұндай жағдайлар көбейетін болады. 

Джое Негус, өкілдер палатасының мүшесі:

– Импичмент халықты жоғары жақта отырған адамдардың өз қызметін асыра пайдаланудан сақтайды. Ал Трамп өзінің қызметін асыра пайдаланды, халыққа қарсы тәртіпсіздіктерге итермеледі. Оның соңы немен аяқталғанын барлығымыз жақсы білеміз. 

Бүгінгі отырыста Сенаттағы 50 демократтан бөлек, 6 республикалық та импичменттің келесі кезеңге өтуін қолдап дауыс берді. Жалпы, АҚШ Конституциясы бойынша импичмент президентке немесе өзге де мемлекеттік қызметкерлерге пара алу, мемлекетке опасыздық жасау сияқты өзге де ауыр қылмыс жасағаны үшін жарияланады. Алайда импичменттің жариялануы Трамптың қандай да бір қылмыс жасағанын дәлелдемейді. Өйткені тағылған айыпты іс жүзінде дәлелдеу үшін демократтарға Сенат даусының үштен бірін жинау керек. Яғни 50 демократтан бөлек, 17 республикалық та өздерінің партияласы Трампты 6қаңтардағы бүлікке жауапты деп тану керек. 

Илья Шапиро, сарапшы:

– Менің ойымша, Сенаттағы дауыс беру жасырын түрде жасалғанда Трамқа қарсы дауыс беретіндердің саны әлдеқайда жоғары болатын еді. Не боларын уақыт көрсетеді. Президенттің қылмысқа қатысты ма жоқ па деген сұраққа жауап беру анау айтқандай оңайға соқпайтыны белгілі. 

Естеріңізге салайық, осы уақытқа дейін АҚШ-тың төрт президентіне импичмент жарияланып, оның екеуі ғана қызметінен босатылды. Алайда Дональд Трамп – импичментке екі рет түскен алғашқы президент. Және де оған тағылған айыптар дәлелденсе, Дональд Трамп болашақта қандай да бір мемлекеттік қызметке араласудан шеттетіледі. Айта кетейік, импичменттің келесі кезеңі ертең түскі сағат 12-де жалғасады деп күтілуде.

10 ақпан 2021, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.