Миннесота штаты Баффало клиникасында сейсенбі күні болған атыс салдарынан бір адам мерт болып, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN телеарнасына сілтеме жасап.
Олардың мәліметінше, жараланған бес адамның біреуі ауруханада көз жұмған. Жарақат алған тағы бір адам ауруханадан шығарылды, үшеуінің жағдайы ауыр. Мерт болған адам медициналық мекеме қызметкері ме – ол туралы клиника өкілі ақпарат бермеді.
Жергілікті полиция қызметкерінің айтуынша, шабуыл жасаған 67 жастағы азамат ұсталған. Атыс «медициналық мекемеге немесе осы мекемеге қатысы бар адамға» бағытталған.