Сейсенбі күні АҚШ Конгресінің сенатында елдің экс-президенті Дональд Трампқа қарсы сот отырысы басталады. Бір ай бұрын Өкілдер палатасы оған "бүлік жасауға азғырды" деп импичмент жариялауды көтерген, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.
6 қаңтарда президент Трамп ондаған мың жақтастарының алдында "сайлауда дауысты ұрлауды" тоқтатуға шақырған. Осыдан кейін митингке қатысушылар Конгресс ғимаратына басып кіріп, Өкілдер палатасы мен сенат отырысын болдырмауға әрекет етті.
Заңға сәйкес, импичмент жариялауға соңғы нүктені сенат қояды. Сейсенбі күні сенаторлар сөз жарыстырып, дауыс береді. Ел Конституциясында Ақ үйден кеткен президентке импичмент жариялау мүмкіндігі туралы ештеңе айтылмаған. Бұл АҚШ тарихында бұрын-соңды болып көрмеген жағдай.
Дональд Трамптың адвокаттары оны қорғау үшін екі аргумент келтіріп отыр: олар экс-президентті қуғындау Конституцияға қайшы және оның жақтастарының алдында сөйлеген сөзі Конституцияда көрсетілгендей, сөз еркіндігіне кепілдік берілген дейді.
Өкілдер палатасының айыптау құжатында Дональд Трамптың үндеуі "Құрама Штаттардың үкіметіне қарсы көтеріліс жасау – президент тарапынан жасалынған ең ауыр қылмыс" делінген.
Экс-президентке импичмент жариялану үшін сенаторлардың үштен екісі дауыс беруі керек. Яғни 17 сенатор-республикашыл дауыс беруі қажет. Бірақ бұл екіталай дейді сарапшылар. Әрі кетсе, Трампқа қарсы 5 сенатор дауыс беруі мүмкін.
Дональд Трамптың жақтастары бұл процесті саяси театр деп атап отыр.
Дональд Трамп АҚШ тарихында Өкілдер палатасы тарапынан екі рет импичмент жариялауға ұсынылған бірінші президент.