Ұлыбританияның шығысы мен оңтүстік-шығысында да қатты жел соғып, қалың қар жауып қалды, - деп хабарлайды «Хабар 24».
«Дарси» дауылымен ауа температурасы күрт төмендеп, тас жолдарда көктайғақ орнаған. Жапалақтап жауған қардан кей аудандарда пойыздардың жүрісі кейінге шегерілді. Ауа райының қолайысыздығынан Лондонмен бірге Англияның шығысы мен Шотландияда қауіптің «сары» түсі жарияланды. Бірақ қалың қарға жергілікті тұрғындар мәз-мейрам. Карантиндік шектеулерге қарамастан шанамен сырғанап, ақшақар соққан тұрғындар көп. Ал ауа райын болжаушылар аяз бірнеше күнге созылатынын айтады.
Лиз Бентли, Ұлыбритания метерологиялық қоғамының атқарушы директоры:
- Бізде күннің қатты суытуы жиі бола бермейді. Қазіргідей ауа райы соңғы рет осыдан үш жыл бұрын шығыстан соққан суық желден болған еді. Осы аптада да аяз болып, халыққа қолайсыздық тудыруы мүмкін.