Атырау, 25 қараша 13:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Құрбандар көп болады". Билл Гейтс адамзатқа жаңа қауіпті болжады

1 993 просмотра

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирусты жеңгеннен кейін адамзатқа басқа қауіптер төнуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz LADbible-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы мультимиллиардер Veritasium YouTube-каналына берген сұхбатында айтты. Гейтстің айтуынша, жылуға байланысты табиғи апаттардан қайтыс болғандар саны жыл сайын артып жатыр.

"Коронавирус пандемиясы кезіндегіге қарағанда қайтыс болғандар саны көп болады", - деді ол.

Сондай-ақ, Microsoft негізін қалаушы биотерроризмнің де зор қауіп екенін айтты.

"Адамзатқа елеулі зиян келтіргісі келетін адам соңы өлімге әкелетін вирус әзірлеуі мүмкін", - дейді кәсіпкер.

Айта кетейік, бұған Гейтстің коронавирус пандемиясына қатысы бар деген қауесет тараған болатын. Кәсіпкер оған қатысты пікір білдірген. Оның айтуынша, вакцинация туралы жалған фактілердің таралуы COVID-19 эпидемиясын ұзартуы мүмкін.

8 ақпан 2021, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.