Атырау, 13 қазан 09:23
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Өткен тәулікте Атырау облысында Covid-19 инфекциясын жұқтырған 45 адам анықталды

3 173 просмотра

Атырау облысында өткен тәулікте 45 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 6-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 36 жұмысшыдан,  Жылыой-1, Құрманғазы ауданында 2 адамнан Сovid-19 жұқпасы анықталған.
 
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 15- інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 80  адам  емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 334  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 65 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 24  адам емделуде.

Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы "сары аймақта" тұр.

6 ақпан 2021, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.