Атырау, 13 қазан 09:17
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

«Армян» көліктерін тіркеу мерзімінің аяқталуына бір айдан аз уақыт қалды

Бейнежазба
4 328 просмотра

2021 жылдың 1 наурызында Армения Республикасының уәкілетті органдарында ҚР азаматтарына тіркелген және Қазақстанға әкелінген көлік құралдарын, қарапайым сөзбен айтқанда «армян» көліктерін тіркеу мерзімі аяқталады.

Атырау облысы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, біздің өңірде 7 мыңға жуық «армян» автокөлігі бар, оның 2236-сының рөлі оң жақта, ол тіркеуге жатпайды.

Қалған 4700-ге жуығының зауытта жасалған рөлі сол жағында, 4200 көлік иелері тіркеуден өту керек. Қазір олардың 4100-і тіркелген. Тағы 100 көлік апат салдарынан көліктің жарамсыз болуына, көлік иелерінің қайтыс болуына, ломбардқа тапсырылуына және т.б. байланысты тіркеуге жатпайды.

Ал басқару тетігі оң жағында орналасқан көліктерге келетін болсақ, оның 80%-ы қолдан жасалған. Қазіргі уақытта осындай көліктің 708-і тіркелген.

- Оң жақ рөльді көлік құралдарын тіркеу үшін Қабдолов (бұрынғы Говоров) көшесі, 56 мекенжайындағы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ филиалы зертханасына хабарласу керек, - дейді М.Өтеғалиев. - Аз уақыт қалды, мұны дәл қазір жасаған дұрыс, өйткені 1 наурыздан кейін жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Естеріңізге салсақ, Атырауда 2020 жылдың басында "армян" көлігі бар жүргізушілер жаппай митингіге шыққан еді. Олар әкелген көлікті тіркеу, кедендік рәсімдеу және утилизациялық алым көлемін азайтуды талап етті. Олардың өтініші тыңдалды - қазір «шетелдік» машинаны тіркеу үшін шамамен 12 мың теңге төлеу қажет. Ал мерзімі бірнеше рет кейінге қалдырылды. Бірақ бұл соңғысы сияқты.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

6 ақпан 2021, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.