Атырау, 13 қазан 09:20
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Шалғайдағы Қызылқоғаның проблемалары мен оны шешу жолдары

3 398 просмотра

Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ өзінің жылдық есебінде облыс орталығынан шалғай жатқан ауданның бірқатар өзекті мәселесін көтерді. Сонымен қатар билік ол мәселелерді қалай шешуге тырысып жатқанын да айтты.

Жол:

- Сағыз (13,6 шақырым), Мұқыр (4,7 шақырым) ауылдарының кірме және селоішілік жолдарының құрылысы жалғасады. Сондай ақ, Миялы ауылының 11 шақырым ауылішілік автокөлік жолдары құрылысының жобасы жасақталды, - деді әкім.

Ауыз су:

- Қазір Миялы және Жангелдин ауылдарын үздіксіз сапалы ауыз сумен қамту ауданымыздың ең өзекті мәселесіне айналды. Бүгін бұл ауылдар Қарасу қорынан ауыз су алып отыр. Мәселені шешу мақсатында Тайсойған жер асты су қорының Батыс аймағынан Миялы ауылына ұзындығы 68 шақырым болатын магистралды су құбырының құрылысына қатысты жоба дайындалуда.

Жер:

- Қызылқоға ауданында өткен жылы 160 тұрғынға жер телімі берілді.

Жер кезегіндегі азаматтарға тұрғын үй салуға Миялы (276 жер), Сағыз (225 жер), Жасқайрат (102 жер), Қоныстану (80 жер) ауылдарынан барлығы 683 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін жоба дайындалды.

Медицина:

Сағыз, Қаракөл, Қарабау ауылдарында дәрігерлік амбулатория салынды.

Олар екі жаңа жедел жәрдем автокөлігімен қамтылды, төрт дәрігер маман жұмысқа алынды. Десе де, ауданға әлі 8 дәрігер жетіспейді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 ақпан 2021, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.