Атырау, 25 қараша 13:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Зеленскийдің импичмент процесі басталды

2 365 просмотра

«Оппозициялық платформа – өмір үшін» партиясы президент Владимир Зеленскийдің импичмент процесін бастады. Тиісті қарарды бейсенбіде партияның кезектен тыс съезі қабылдады, деп хабарлайды "The Qazaq Times".

Ресми құжатта: «Съезд Жоғарғы Рададағы оппозициялық партия фракциясының Зеленскийді Украина президенті қызметінен босату рәсімін импичмент ретінде бастау туралы шешім қабылдады», – делінген. 

Партия «Зеленскийдің конституцияға қарсы және заңсыз әрекеттеріне» байланысты импичмент процесін бастаған. Съезд партияның басқару органдарына оппозициялық партия өкілі Тарас Козактың құқығын және іскерлік беделін, «112 Украина», ZIK және NewsOne журналистік топтарының құқықтарын қорғау үшін қажетті саяси, құқықтық және ұйымдастырушылық ресурстарды үйлестіруді тапсырды. Сонымен қатар, облыстық партия ұйымдарына Зеленский импичментіне қолдау көрсету үшін қол жинау тапсырылды. 2 ақпан Зеленский үш телеарнаға – «112 Украина», ZIK және NewsOne-ға санкция енгізу туралы шешім шығарған.  Яғни президент 3 бірдей телеарна басшысы әрі оппозициялық партия өкіліне қарсы 5 жылға санкциялар салды. 

Бұл шешімді Жоғарғы Рада депутаттарының көбі қолдаған. Салдарынан 3 телеарна қызметін тоқтатты. Шектеулерден кейін лицензиялардың күші жойылуы мүмкін және телебағдарламаларды ретрансляциялауды уақытша тоқтайды. Телеарналардың активтерін бұғаттау, капиталды елден шығаруға тыйым салу, экономикалық және қаржылық міндеттемелерді тоқтату, бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға толық немесе ішінара тыйым салу, Украина Ұлттық Банкінің шетелдік инвестицияларды жүзеге асыруға және шетелде қаражат орналастыруға рұқсаттары мен лицензияларын қайтарып алу қарастырылған. Зеленскийдің санкцияларынан кейін телеарналардың эфирлік хабар таратуы тоқтатылды. 

Санкцияға ілінген телеарнаның бірі Украинадағы «Оппозициялық платформа – өмір үшін» партиясының өкілі, Жоғарғы рада депутаты Тарас Козакқа тиесілі. Депутат мүлік пайдалану және билік ету, сауда операцияларын жүргізу, Украина аумағында ресурстарды тасымалдау, транзиттеу құқығынан бес жылға шеттетіледі. Сондай-ақ капиталды Украинадан тыс жерлерге шығаруға тыйым салынады. 

5 ақпан 2021, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.