Атырау, 13 қазан 09:19
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қала маңы Өзбекстаннан келген заңсыз «қонақтарға» толы екен

3 184 просмотра

"Мигрант" жедел-алдын алу шарасы кезінде полицейлер қала маңындағы Жұлдыз, Томарлы, Көктем, Ақжар, Еркінқала, Балауса, Жұмыскер, Ракуша, Алғабас, Тасқала, Көкарна, Водников ауылдарындағы тұрғын үйлер мен коттедждерді тексерді. ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 119 дерегі анықталды. Олардың бәрі Өзбекстаннан келген гастарбайтерлермен байланысты.

Өзбекстанның 84 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-тармағы ("Шетелдiктiң заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы") бойынша хаттама толтырылды. Қалғандары сол баптың 5-тармағы  («Шетелдіктердің  қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы») бойынша жауапқа тартылды. Қожайындары да жазаланды: атыраулық 41 тұрғынға 518-бап ("Қабылдаушы тұлғаның шетелдiктердің Қазақстан Республикасында болуы құқығына құжаттарды ресімдеу не болудың белгілі бір мерзiмi өткеннен кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы") бойынша айыппұл салынды.

Айнұр САПАРОВА

4 ақпан 2021, 22:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.