Атырау, 23 желтоқсан 12:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Браконьерден бір қора киіктің мүйізі табылды

3 778 рет қаралды

Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылының 34 жастағы тұрғыны өз үйінде 106 киіктің мүйізі мен екі дана тіркелмеген аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында ер азаматтың түнгі уақытта “Yaqi” мотоциклімен заңсыз аңшылықпен айналысып, көлеңкелі саудада емдік қасиетіне бола бағасы жоғары киіктің мүйіздерін ара-тұра кесіп алып жүргені анықталды.

ҚР ҚК-нің 339-бабының 3-бөлігі (Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

 

3 ақпан 2021, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.