Атырау, 23 желтоқсан 12:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда жаяу жүргінші көлікке өзі соғылған

2 239 рет қаралды

30 қаңтарда сағат 10-дар шамасында Атырау ҚПБ Жедел басқару орталығының инспекторлары Ғ.Әбдірахманов көшесінде жолда кетіп бара жатқан көлікке қарай жүгіріп шыққан адамды көреді. Жүргізуші тежегішін басып үлгергенмен,  жаяу жүргіншіні қағып кетті (жүргінші ауыр жарақат алған жоқ).

ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, жаяу жүргіншінің жеке басы анықталды. Ол Құрманғазы ауданының 38 жастағы тұрғыны. Осы факт бойынша оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы («Жаяу жүргiншiлердiң жүрісі қағидаларын бұзуы») бойынша хаттама толтырылып, 2 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айнұр САПАРОВА

2 ақпан 2021, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.