Атырау, 23 желтоқсан 12:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Карантинде талап бұзғандар анықталды

2 277 рет қаралды
Көрнекі сурет

Үш күн ішінде полицейлер мен қала әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен мониторинг тобы Атырауда карантин режимі бұзылған 20 шақты жағдайды анықтады.

Атырау облысының бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес, қоғамдық тамақтану объектілеріне тек сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілетіні белгілі (ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді, бір уақытта келушілер саны 30 адамнан аспайды).

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 29 қаңтарда сағат 22:45-те «Вивальди» мейрамханасы, сағат 21:40-та «ChechilPub» бары, сағат 23:30-да «Urban» мейрамханасы ашық тұрды. Сол күні «Марокко» мейрамханасында 50 шақты адам болған. 30 қаңтарда сағат 23:30-да «Родем» мейрамханасы ашық болды. Ал «Аспандияр» мейрамханасында 50-ге жуық адам қатысқан банкет өтті. Келушілер саны «Кәусар» және «Сұлтан Холл» мейрамханаларында да шамадан тыс болғаны анықталды.

31 қаңтар жексенбіде «ПерсонаА» киім дүкені және «Белуччи» әйелдер киім дүкені ашық болды. Алайда азық-түлік емес дүкендерге тек жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Тағы бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Жиналған материалдар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына шаралар алу үшін жіберілді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

2 ақпан 2021, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.