Атырау, 13 қазан 07:22
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Австралияның шаяндары мен Құрманғазылық тұрғындар туралы

Сурет
3 020 просмотра

Құрманғазы ауданындағы Бұзаусылан өзегі бойында ұзындығы 82 метр болатын  «Үлкен Ганюшкино» мен «Безымянный» ауылы тұрғындарын байланыстырып тұратын жаяу жүргінші көпірі қорқынышты күйде тұр. Темір қаңылтыр төселген көпірді бірнеше темір тіреулер әзер ұстап тұр. Оның үстіне бір жағына қисайып кеткен көпірдің екі жақ таяныш болар тұсы ашық-шашық күйде. Жазатайым сүрініп қалсаң, суға күмп ете түсуің әбден мүмкін. Осы көпірден адамдар күнде әрлі-берлі өтіп жатады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әкімдік бұдан екі жыл бұрын ескісін қиратып, жаңа көпір тұрғызу үшін жобалау сметасы жасалады деп уәде еткен еді. Одан бері еш өзгеріс жоқ.

- Жаңа көпір салу үшін жобалау сметасы жасалып, сараптамадан қорғалып шықты. Жаңа көпірдің құрылысы 124 млн теңгеге бағаланды. Құрылыс жұмысы екі жылға созылмақшы, - дейді Құрманғазы ауданы құрылыс бөлімінің басшысы Жаслан СҮНДЕТОВ. - Биыл 103 млн теңге, ал 2022 жылы 13 млн теңге игерілу керек. Сол жылдың тамызында жаяу жүргінші көпірі толық пайдалануға беріледі деп отырмыз.

Оған да көндік, әйтпесе, Австралияда шаяндар өтетін көпірдің суретін көзім шалып қалған... өзіңіз салыстырып көріңіз.

Ляззат КАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

8 ақпан 2021, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.