24 қаңтарда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 35 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған.
Қаны тоқтамаған келіншекке көмекке келген жәдел жәрдем қызметкерлері оның жас босанғанын анықтайды. Бірақ үйден шақалақты таппағасын, тәртіп сақшыларына хабар берген. Көп кешікпей, жансыз шақалақ үйдің маңында 100 метрдей жердегі қоқыс жәшігінен табылады. Оның толыққанды, биологиялық жетілгені анықталды.
Келіншектің заңды некедегі жары мен төрт баласы бар. Бірақ бұл жолы жүктілігін жасырып, өз үйінің әжетханасында босанып қалған.
Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА