Сингапур билігі коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін адамға оның кері әсері болған жағдайда 10 мың сингапур долларын (7,5 мың доллар) төлейді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Straits Times газеті Денсаулық сақтау министрлігінің жұмадағы жаңа қаржылық бағдарламасы туралы мақала жариялады.
Бұл бастама тұрғындардың вакцинация қажеттілігіне деген сенімін арттыруға бағытталған, - делінген ведомство түсіндірмесінде.
Атап айтқанда, вакцинациядан соң қарқынды терапия бөліміне жатуға мәжбүр болғандарға біржолғы төлем жасалады. Егер қайтыс болған немесе өмірге қауіпті ауыр асқынулар болса, үкімет 225 мың сингапур долларын (169 мың доллар) төлейді.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл бағдарлама Сингапурдың азаматтарына ғана емес, сонымен қатар осы елде тұрақты тұратын шетелдіктер мен олардың отбасыларына да қатысты екенін нақтылады.
Өткен жылдың соңында мұнда коронавирусқа қарсы вакцинация салу науқаны басталды, Pfizer және BioNTech дайындаған вакцина алдымен медицина қызметкерлері, содан кейін премьер-министр Ли Сянь Лун бастаған үкімет мүшелері, сондай-ақ тәуекел тобындағы азаматтар алды. Халықты жаппай вакцинациялау 27 қаңтарда басталды, тұрғындардың көпшілігі осы жылдың үшінші тоқсанына дейін вакцинацияланады деп күтілуде.