Атырау, 23 желтоқсан 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында 90 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған

3 406 рет қаралды

Атырау облысында өткен тәулікте 90 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі  Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 69 жұмысшыдан,  Жылыой - 1, Қызылқоға - 1, Исатай - 2, Мақат - 2,  Құрманғазы  ауданында 3 адамнан Сovid-19 індеті анықталған.
 
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 18-інде ауру симптомды түрде өтуде. 

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 82  адам  емделіп шықты. Қазіргі уақытта 403  адам үй жағдайында емделуде.  Облыстық инфекциялық стационарда  80 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 30  адам ем қабылдауда. 

Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы "қызыл аймақта"  қалып отыр. 

28 қаңтар 2021, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.