Атырау, 13 наурыз 19:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20

Құрмадан өлі зиянкестер табылды

4 139 рет қаралды

Атыраудағы қоймалардың біріне Әзірбайжаннан әкелінген құрма партиясын тексерген кезде Ауыл шаруашылығы министрлігінің қалалық аумақтық инспекциясының қызметкерлері карантиндік зиянкес Комсток құртының личинкасын тапты. Бұл зиянкес көп жеміс-жидек дақылдарын бүлдіруі мүмкін, жиналған өнімнің жартысына жуығын жоқ қылады.

- Бүлінген өнім көлемі 18,6 тонна. 1,2 мм-ге дейін көлемдегі личинкалар өлі болып шықты, сондықтан құрманы Атырау базарларында сатуға рұқсат берілді, - дейді қалалық инспекция басшысы Шолпан ЖҰМАХМЕТОВА. - Соңғы рет 2017 жылы Өзбекстаннан әкелінген құрмаға құрт түскені анықталды. Личинкалар тірі болған, сондықтан өнім сатылымға шығарылмай, кері Өзбекстанға жіберілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 қаңтар 2021, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.