Атырау, 25 қараша 13:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өзбекстанда концерттік бағдарламаларға рұқсат берілді

2 613 просмотра

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты енгізілген бірнеше карантиндік талаптар жеңілдетілді. Атап айтқанда, концерттік бағдарламалар мен кафе және мейрамханалардың түнгі қызмет үшін рұқсат берілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, концерттік іс-шараларды ұйымдастыруға рұқсат берілді. 

- Концерттік залдардағы көрермен сыйымдылығын ескере отырып, олардың санын 50% -дан аспайтындай жағдайда ұйымдастыру; 

- Қашықтықты сақтай отырып, көрермендер отыратын концерт залдарын пайдалануды қамтамасыз ету және арақашықтықты сақтау үшін қажетті орындарды белгілеу; 

- Концерт залдарына келген көрермендер мен қызмет көрсетушілер міндетті түрде маска тағуы керек. 

Сонымен қатар, осы шешімге байланысты Республикалық арнайы комиссия 8: 00-ден 23: 00-ге дейінгі уақыт аралығында қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауықтыру мекемелерінің жұмысына шектеуді алып тастады.

27 қаңтар 2021, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.