Атырау, 13 қыркүйек 10:05
 дождьВ Атырау +15.2
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Атырау облысында тәулік ішінде коронавирустың 70 жағдайы тіркелді, оның 61-і Теңізде

4 160 рет қаралды

2021 жылдың 26 қаңтарында Атырау облысында коронавирус инфекциясының 70 жағдайы тіркелді, оның 55-і симптомсыз, 15-і симптомды түрде өтуде (2021 ж. 25 қаңтарында - 84 жағдай), деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ауру жұқтырғандардың 6-уы  Атыраудан, Теңіз кенішінен 61 жұмысшыдан,  Құлсарыдан - 1, Құрманғазы  ауданында 2  адамнан анықталған.

Оның ішінде 14 адам денсаулығына байланысты медициналық көмекке жүгінген, скрининг кезінде 53 адамнан анықталды және 3 адам байланыста болған адамдар ретінде тексерілді.

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталды, барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеулер мен дезинфекция жұмыстар жүргізілуде.

27 қаңтар 2021, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.