Атырау, 23 желтоқсан 15:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Нәутиевтің орнына облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

4 640 рет қаралды

Бүгін, 26 қаңтарда Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары - Қайрат НҰРЛЫБАЕВ тағайындалды. Одан бұрын бұл лауазымды 4 жыл атқарған Әлібек Нәутиев облыстық мәслихаттың хатшысы қызметіне сайлануына байланысты қызметінен босатылды.

Нұрлыбаевты жергілікті активке таныстырған облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ:

- Қайрат Есқабылұлын білікті басшы, жұмыс тәжірибесі мол азамат, оған үлкен сенім артамын. Ал Әлібек Ибатоллаұлына облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін зор алғысымды білдіремін,-деді. 

Қ. Нұрлыбаев 1973 жылы Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатында аға референт ретінде бастаған.

1996-1997 жылдары «Мұқыр» акционерлік қоғамында жөндеуші-техник болып жұмыс істеген. 1999 жылы Мұқыр селолық округі әкімінің аппаратында маман, содан кейін Мұқыр селолық округінің әкімі, Қызылқоға ауданының құрылыс және ТКШ бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 

2008-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2012-2019 жылдары осы аудан әкімінің орынбасары болды. 2019 жылдың маусым айынан бері Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасына басшылық етті.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі

26 қаңтар 2021, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.