Атырау, 25 қараша 13:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәжікстан коронавирусты жеңгенін мәлімдеді

2 840 просмотра

Тәжікстан коронавирусты жеңгенін мәлімдеді. Бұл туралы ел президенті Эмомали Рахмон айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Тәжікстанда коронавирус жоқ, толығымен көзі жойылды", - деді мемлекет басшысы. 

Алайда ел президенті жергілікті тұрғындар санитарлық талапты сақтап жүруі керегін айтты. 

"Босаңсып, қауіпсіздік және қоғамдық гигиена шарасын ұмытпауымыз керек", - Эмомали Рахмон. 

Оның айтуынша, Тәжікстан өткен жылы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін қолдау мақсатында 1,6 миллиар сомони бөлініп, елде шұғыл түрде 30 жаа аурухана пайдалануға берілген. 

Тәжікстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде соңғы 15 күнде коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген. Жалпы, ресми дерек бойынша, Тәжікстанда 13 мың адамнан коронавирус анықталса, 90 адам қайтыс болған. 

26 қаңтар 2021, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.